
Мәліметтерге сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын солтүстік антициклон анықтайды, осыған байланысты елімізде негізінен тұрақты ауа райы күтіледі. Тек республиканың батысында фронтальды учаскелердің өтуімен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.
Республика бойынша солтүстік-батыста, шығыста және орталықта тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде жел 3-8, күндіз 7-12 м/с, түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -12-14°C, күндіз -4-6°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -9-11°C, күндіз 0-2°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -4-6°C, күндіз +8+10°C көрсетеді.