
Фото: elordainfo.kz
Осы салада тер төгетін азаматтарға және олардың отбасы мүшелеріне қоныс аудару бойынша жәрдемақы, мүлікті тасымалдау, сондай-ақ барлық отбасы мүшесін қоса алғанда, темір жол, су және автомобиль көлігімен жол жүру шығындары төленеді.
Оларға соғыс немесе төтенше жағдай кезеңінде, терроризмге қарсы операция кезінде, қарулы қақтығыс жағдайында және төтенше жағдай жарияланған аймақтарда жұмыс істегені үшін үстемеақы белгіленеді. Мұндай жағдайда қызметкердің еңбек өтілінің бір күні үш күнге теңестіріледі.
«Азаматтық қорғау органдары мен әскери қызметкерлердің тұрғын үйді жалға алған шығындары өтеледі. Мәжіліс депутаттары азаматтық қорғау мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерге осындай норма енгізуді ұсынды. Демек енді тұрғын үй төлемдерін төтенше жағдайлар жүйесі қызметкерлері де алатын болады», делінген Мәжіліс хабарламасында.
Егер өрт сөндіруші немесе құтқарушы жауынгерлік жағдайда қызметтік міндеттерін орындау кезінде зардап шексе санаториялық-курорттық негізде оңалтудан өтуге мүмкіндік те беріледі.