
Фото: Жоғарғы сот
Заңға түзету енгізілсе қыз алып қашқандар 3 - 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір ұсыныс Қылмыстық кодексті оңтайландыру жөніндегі жұмыс тобында қаралып жатыр.
«Жауапкершіліктің әртүрлі дәрежесі, оның ішінде қылмыстық жауапкершілік те бар. Мәселен, бас бостандығынан айыру, айыппұлдар, қоғамдық жұмыстар жағдайға байланысты сараланады. Кәмелетке толмаған адамға қатысты бір топ адамның әрекеті анықталса, қандай да бір зиян келтірілсе, тиісті жауапкершілік ұсынылған. Сол сияқты біреуді өз еркінен тыс алып қашып, үйінде ұстаса, психологиялық және физикалық қысым көрсетсе, заң жәбірленген адам жағында болуы керек», деді Мұрат Әбенов.