Мен Баянауылдың Бірлік ауылында туып-өстім. Отбасында бес қыз болсақ, бәріміз де ауылда көрші қыздармен қазақша сөйлесетінбіз. Әкем Николай Рудольфович, анам Людмила Анатольевна да қазақша бір кісідей сөйлей алатын. Қазақ мектебінде оқып, білім алғанымызды мақтан етеміз. Облыс орталығындағы Бейсен Ахметов атындағы педагогикалық колледжде аудармашы-референт мамандығы бойынша білім алдым. Қазақ тілінен ағылшын тіліне аудармашы, кейін Еуразия инновациялық университетінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығын алып шықтым.
Қазақ тілін білгенімнің арқасында университетке түстім, ректорлық грант бөлінді. Абай, Мұқағали оқуларына қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Түрлі қалалық, республикалық форумдарға, дөңгелек үстелдерге қатыстым. Әрине, қазақ тілін жақсы білгенім үшін режиссерлердің жақсы деген бағасын алып, эфир жүргізуге арналған кастингтен өттім. Сол кездегі облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен болған бір жиында ол кісіге қазақ тілінде сөйлегенім қатты ұнады ма, менің облыстық телеарнаға келуіме үлкен жол ашты. Әркез есіме алып, қуана рахмет айтып жүремін.
Біз – қазақстандықтармыз. Туған ауылым Бірлік – менің кіші Отаным, маған өте қымбат, сондықтан ештеңеге айырбастамаймын, достарым да осында. Ауылда біз қазақ болып өстік. Осы себепті Қазақстан – біздің мәңгілік Отанымыз. Тұрмысқа шықтым. Жұбайым Андрейді біздің отбасымыздағы жалғыз орыс деп күліп қоямыз. Ол да қазір аздап қазақша түсінетін болды. Себебі, достарының көбі қазақ. Қызымыз Арина кішкентай, ол да қазақша түсінеді, былдырлап енді-енді сөйлей бастады.
Біз өз еліміздегі тыныштық, бірлік үшін Елбасына рахмет айтамыз, өзге ұлттар деген сөздің өзін ұмыта бастағандаймыз. Бәріміз бір елдің ұл-қызымыз дегім келеді.
Марина САХАРОВА,
облыстық «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының диктор-тележүргізушісі.
ПАВЛОДАР.

Астанада ер адам жұбайын көпшілік көзінше соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 15:58
Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше