
Фото: Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі
Бақдәулет Сәбитов 2022-2025 жылдар аралығында ҚР ТСМ, «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» директоры болды. Ал, Бақытжан Тұрлыбеков - «JORYQ» ат спорты федерациясының президенті, «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің идея авторы.
Қауымдастықтың баспасөз қызметінің мәлім етуінше Еркебұлан Ильясов аталған тағайындаулардың ұлттық спорттың дамуы жолында маңызды қадам болатынын атап өтті. Еске салайық, 1 ақпан күні Ұлттық спорт қауымдастығының президенті болып Еркебұлан Ильясов сайланған.
Қауымдастық құрамына бәйге, көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, құсбегілік, садақ ату, асық ату және Республикалық «JORYQ» ат спорты федерациясы кіреді.