Фото: kstnews.kz
«ҚазАвтоЖол» компаниясының хабарлауынша, қолайсыз ауа райына байланысты Ақтөбе, Қызылорда облыстарындағы жол учаскелері сағат 11:30-дан бастап жабылған.
Ақтөбе облысында «РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелген.
Қызылорда облысында «РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін) де жабылған.
Жол учаскелерін бүгін сағат 20:00 ашу жоспарланып отыр.