Спорт • 06 Ақпан, 2025

Азия чемпионатында жарысатын велошабандоздар белгілі болды

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Азия додасы осы айдың 7-16 күндері Таиландтың Пхитсанулок қаласында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Азия чемпионатында жарысатын велошабандоздар белгілі болды

фото: freepik.com

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы аталған байрақты бәсекеде жарысатын спортшыларды анықтады. 

Ерлер құрамасы: Дмитрий Груздев, Евгений Федоров, Игорь Чжан, Антон Кузьмин, Даниил Марухин.

Әйелдер құрамасы: Рината Сұлтанова, Махаббат Үмітжанова, Анжела Соловьева, Марина Курносова, Ақпейіл Өсім, Фаина Потапова.