
Фото: egemen.kz/Ерлан Омар
Күдікті 2019 жылдың мамырынан 2020 жылдың наурызына дейінгі аралықта жалған құжаттар арқылы 50 миллион теңгені заңсыз иемденген.
Ол өндірістік шығындарды растау үшін жеке кәсіпкерлерден сүт алғаны туралы негізсіз есеп беріп, май өндірісі туралы да жалған деректер ұсынып келген.
Қаржылық тергеу барысында күдікті субсидия қаржысына «TOYOTA LAND CRUISER PRADO 150» маркалы автокөлік сатып алғаны белгілі болды. Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің басшысы қымбат көлікті сенімді өзге азаматтың атына рәсімдеген.
«Соттың санкциясымен аталған автокөлікті пайдалануға тыйым салынды. Күдіктіге қатысты сот 2 айға «қамауға алу» түрінде бұлтартпау шарасын тағайындады. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабы бойынша тергеу мүддесіне сай жария етілмейді», делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.