Пікір • 07 Ақпан, 2025

Салық мөлшері халықтың жағдайына қарай сараланады - Алишер Сатвалдиев

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алишер Сатвалдиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде айтқан ұстанымдары туралы Facebook әлеуметтік желісінде пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Салық мөлшері халықтың жағдайына қарай сараланады - Алишер Сатвалдиев

Фото: Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу барысында Үкіметке қоғамды толғандырып жүрген қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды.

Депутат Мемлекет басшысы берген тапсырмалардағы негізгі қағидаттарды атап өтті.

«ҚҚС мөлшерлемесі халықтың әлеуметтік жағдайына қарай сараланады. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтерге төмен мөлшерлеме белгіленеді. Үкімет шешімді бизнес өкілдерімен, сарапшылармен және депутаттармен талқылап, нақты есептеулер негізінде қабылдауы тиіс. ҚҚС мөлшерлемесі бизнес үшін кедергі болмай, экономиканың ашықтығын сақтап, бюджет кірісін тиімді толықтыруы керек. Президент ұсыныстарды ескере отырып, әділ әрі оңтайлы шешім қабылдау қажеттігін атап өтті. Бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын іс жүзінде жүзеге асырудың тағы бір қадамы», деді Алишер Сатвалдиев.