Қысқы спорт • 10 Ақпан, 2025

Қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржыны қос медальмен толықты

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Харбин қаласында ІХ қысқы Азия ойындары жалғасып жатыр. Туризм және спорт министрлігі бүгінгі жарыс күнінде күміс, қола жүлде еншілеген спортшыларымыздың сүйінші жаңалығын бөлісті, деп жазады Egemen.kz.

Қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржыны қос медальмен толықты

Фото: ТСМ Спортты дамыту дирекциясы

Фристайл-акробатикадан аралас этафетада ел атлеттері Азиядағы екінші үздік құрама екенін дәлелдеді. Аяна Жолдас, Асылхан Асан, Шерзод Хаширбаев 235.39 ұпай жинап, «күміспен» күптелді. 

10 шақырымға еркін стильде шаңғы жарысында Қазақстан намысын қорғаған Олжас Климин қысқы ойындардың қола жүлдегері атанды. 

Ол 21 минут, 20,3 секундта мәреге жетіп, үшінші тұғырдан көрінді. Олжастың алдын жапондықтар орап кетті. Тиісінше алтын, күміс медаль Жапония спортшыларының қанжығасына байланды. 

лл

Ерлер арасында 500 метрге конькимен жүгіруден жарыс мәресіне жетті. Өкінішке қарай, осы сайыста бақ сынаған отандасымыз Евгений Кошкин жүлдеге бір қадам жетпей тоқтады. Ол 35.152 секунд уақыт көрсеткішімен төртінші орынға табан тіреді. Құраманың өзге спортшылары Алтай Жәрдембекұлы - 9-орын (35.25 секунд), Никита Важенин - 15-орын (36.19 секунд), 4-жұпта шыққан Роман Биназаров 36.62 секундта жүгіріп өтіп, 16-сатыдан көрінді. 

оо