
Істің мән-жайын Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Осылайша, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы мемлекетке зиян келтіре отырып, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін ҚР ҚК 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша, ЖШС директоры ірі мөлшерде мүлікті ұрлағаны үшін ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша сотқа тартылды.
«Сот 2022 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен ЖШС арасында қазандықтарды жөндеуге келісім-шарт жасалғанын анықтады. Осы келісім аясында 2022 жыл ішінде Ақкөл қаласындағы қазандықтарға үш жылыту қазандығын орнату жұмыстарын нақты орнатпай аяқтау актісін рәсімдеген ТОО директоры К. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы В., қазандықтардың орнатылмағанын біле тұра, актілерге және төлемге шот-фактураларға қол қойған. Салдарынан К. 8 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырған», деп бөлісті департаменттегілер.
Ақкөл аудандық соты бұл іс бойынша әрбір сотталушыны пробациялық бақылаумен үш жыл алты айға бас бостандығын шектеу жазасына үкім шығарды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының бұрынғы басшысына өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салынды, ал кәсіпкер басшылық және қаржылық жауапты қызметтерді атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.