
Фото: qazaqstan.tv
Тәртіп сақшылары жол-көлік апатына көп жағдайда жаяу жүргіншілер кінәлі болатынын айтады. Адамдар бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан немесе жолағы жоқ жерден жолды кесіп өтеді.
«Жаяу жүргіншінің қызыл шамға қарамай жолды қиып өтетіні, рұқсат етілмеген аумақтардан жүгіріп өте шығатыны көп жағдайда көзге түседі. Көліктер жиі жүретін көшелерде бұл аса қауіпті жағдай. Жолдан өту кезінде жаяу жүргіншілер жолдың қос қапталына қарамайды. Телефондарынан көз алмай бара жатқан немесе үнемі құлаққаппен жүретін жолаушылар қауіпті аса елей бермейді. Мұндай жаяу жүргіншілер айналадағы жол қозғалысын байқай алмайды, ал құлаққап таққандар жүргізушілердің дабыл белгісін де, тежегішін де естімейді», деп ескертті өңірлік полиция департаментінен.
Полицейлер кез келген жолдан өту кезінде жүргіншілерге сергек әрі сақ болуды ескертеді.
Павлодар облысы