Қылмыс • 11 Ақпан, 2025

110 млн теңге пара алмақ болған судья сотталды

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы судья Жанат Мүсірәлі, адвокат Мұрат Джахаев және Айдар Алтаевқа қатысты алаяқтық ісі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

110 млн теңге пара алмақ болған судья сотталды

Фото: ашық дереккөз

Олар сотталушының жұбайынан үкімді жеңілдету үшін 110 миллион теңге көлемінде пара алуға әрекеттенген деп айыпталды. Іс материалдарына сәйкес, Алтаев досының әйеліне жазаны жеңілдетуге көмектесуге уәде берген, ал адвокат Джахаев бұл мәселемен судья Мүсірәліге жүгінген. Нәтижесінде, олар жәбірленушіні алдап, оның ақшасын иемденген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл істі тергеп, 2024 жылдың 5 желтоқсанында Бас прокуратураға жолдады. Сот үкіміне сәйкес, Мүсірәлі өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, 7,5 жылға түрмеге тоғытылды.

Джахаевтан 7 жылға адвокаттық қызметпен айналысу құқығы алынып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды;

Алтаев 5 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.