
Фото: logos44.ru
Марқұмның туыстарының айтуынша, қайғылы оқиға 2025 жылдың 6 қаңтарында болған. Жәбірленуші полицияға хабарласпай, алдымен жергілікті махалладан көмек сұраған. Алайда, махалла да, басқа жергілікті билік те әйелдің қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген. Осылайша, әйел тағы бірнеше күн ауыр халде үйінде жатқан. Тек 12 қаңтарда ғана жәбірленушінің анасы Ресейден оралғаннан кейін ғана қызын ауруханаға алып барған.
Бірақ дәрігерлер зорлық-зомбылықтың айқын белгілеріне қарамастан, жәбірленушіге тиісті медициналық көмек көрсетпеген.
Осы кезде күйеуі ауруханаға келіп, әйелін видеоға түсіріп, оны ұрмағанын айтуды талап еткен. 1 ақпанда әйелдің жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөлімінде көз жұмған.
Жәбірленушінің туыстары оқиға бойынша тергеу амалдары әділ жүргізілмей жатқанын алға тартып, кінәлінің әлі бостандықта жүргеніне шағымданған.