Тағайындау • 11 Ақпан, 2025

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 ақпанда ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісе отырып, өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Асқар Қаныбеков Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Еңбек жолын салық инспекторы қызметінен бастап, Шымкент қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, Алматы облыстық мәдениет басқармасының ішкі бақылау қызметінің бас маманы, Алматы облысы Көксу ауданы Еңбекші ауылдық округінің әкімі болды.

2013 — 2018 жылдар аралығында Шымкент қаласының кәсіпкерлік бөлім басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқарма басшысының орынбасары болды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің әкімшілік департаменті директордың орынбасары қызметін атқарды.

Сонымен қатар төрт жыл Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқарма басшысы болды. Осыған дейін Түркістан облысы аппарат басшысының орынбасары қызметін атқарды.