Заң • 11 Ақпан, 2025

Маңғыстаудағы оқушылардың жаппай улануына кінәлілер анықталды

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында орналасқан №8 мектепте балалар жаппай уланып, ауруханаға түскен еді, деп жазады Egemen.kz.

Маңғыстаудағы оқушылардың жаппай улануына кінәлілер анықталды

Фото: gov.kz

Бас прокуратура осы мектеп асханасындағы 4 қызметкердің жалған санитарлық құжатпен жұмыс істегенін анықтады. Олар жұмысшыдан талап етілетін санитарлық шарттарды сақтамаған. 

Құзырлы орган тексеру кезінде мектептегі жаппай улану оқиғасына осы мәселенің себеп болғанын мәлімдеді. Сот 4 қызметкерге айыппұл салды. Үкім заңды күшіне енді.