
«Бұл әдіс табиғатты зерттеуде тиімді құрал болып саналады, өйткені ол жануарларды алаңдатпай, олардың табиғи ортасындағы тіршілігін бейнелеуге мүмкіндік береді.
Жұмыстарды жануарлар әлемін қорғау және өндіру бөлімінің бастығы Е.Т.Қасымовтың басшылығымен Алтай орманшылығы инспекторы А. Шакенов жүзеге асырды», делінген хабарламада.
Алынған деректер орман экожүйесін сақтау және жануарлар популяциясын тұрақтандыру үшін маңызды рөл атқарады.