Ауа райы • 11 Ақпан, 2025

Екі облыс аумағында автокөлік қозғалысына шектеу қойылды

79 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған шектеулер – ауа райының бұзылуына байланысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екі облыс аумағында автокөлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: «ҚазАвтоЖол» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы (архив)

«ҚазАвтоЖол» бүгінгі сағат 19:00-ден бастап 2 облыс аумағындағы республикалық автожолдарда көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылатынын мәлім қылды.

Абай облысында «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесі (Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейін) жабылды.

Шығыс Қазақстан облысында «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 1013-1048 шақырым аралығындағы учаскесі (Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылына дейін) жабық.

Аталған жолдар 12 ақпанда сағат 07:00-де ашылмақ.

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025