Президент • 12 Ақпан, 2025

Президент Тәжікстанның Сыртқы істер министрін қабылдады

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Тәжікстанның Сыртқы істер министрін қабылдады

Кездесуде Президент Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынас барлық бағыт бойынша оң қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтіп, стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың мәні зор екенін айтты.

Мемлекет басшысы былтыр қол қойылған Одақтастық қатынастар туралы шарт Астана мен Душанбенің сан қырлы және табысты ынтымақтастығының маңызды кезеңі болғанын еске салды.

«Біз Тәжікстанмен достыққа құрылған қатынастарды жоғары бағалаймыз. Екі елдің арасында шешімін таппаған ешқандай мәселе жоқ. Қазақстан жұртшылығы бауырлас тәжік халқына ерекше ықылас танытады. Елдеріміз әрдайым бір-біріне қолдау көрсетіп келеді. Бұл екіжақты байланысты белсенді дамытуға ұмтылысымыздан да байқалады», деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның қазақ-тәжік ынтымақтастығын арттыруға қосқан теңдессіз үлесіне айрықша назар аударды.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50