
Фотолар: Ақтөбе облысы әкімдігі
Бағдарламаның тиімділігін қамтамасыз ету үшін оқушылар арасында алдын ала сауалнама жүргізіледі. Бұл ұйымдастырушыларға оқушылардың мүдделері мен қажеттіліктерін түсінуге, сабақтардың мазмұнын олардың сұраныстарына бейімдеуге мүмкіндік береді.
Ақтөбе облысы Білім басқармасының орынбасары Дина Жаманбаеваның айтуынша, «Қадам Life» жобасы мектеп оқушыларына жұмысшы мамандықтарына қызығушылық танытып, практикалық дағдыларды игеруге және мектептер мен колледждер арасында байланыс орнатуға көмектеседі. Жоба 93 мамандық, 137 біліктілік бойынша 250 мектеп пен 10 мыңға жуық оқушыны қамтиды. Сонымен қатар, облыстың шалғайдағы ауылдарында да кәсіптік бағдарлау іс-шараларын өткізу жоспарланып отыр.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше колледж оқытушылары мектептерде түрлі мамандықтар бойынша көрсету сабақтарын өткізеді. Оқушылар колледждерде қолданылатын жабдықтар және оқу материалдарымен танысып, сондай-ақ түрлі салалардың тәжірибелі мамандары өткізетін шеберлік кластар және кездесулерге қатыса алады. Мысалы бүгін қаладағы Жоғарғы политехникалық колледжінің оқытушылары №39 мектеп-лицей оқушыларына кәсіби бағдар беру шарасын өткізіп, балалар қызықтыратын сауалдарына жауап алып, оқуға қабылдану жағдайлары туралы сұрап білді.