Оқиға • 13 Ақпан, 2025

Ақсу пансионатында зейнеткерлерді ұрып-соғып, киімсіз далада ұстаған

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақсу қаласының прокуратурасы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын пансионаттардың бірінде қарттарға қатыгездік көрсету фактілерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақсу пансионатында зейнеткерлерді ұрып-соғып, киімсіз далада ұстаған

Бас прокуратураның ақпаратына сәйкес, мекемеде түсірілген бейнежазбаларды зерттеу барысында қорқынышты фактілер ашылды. Пансионат қызметкерлері тұрақты екі дәрменсізді ұзақ уақыт бойы қорлап, зорлық-зомбылық көрсеткен.

«Жәбірленушілердің бірінің жасы 84-те. Оларды үнемі ұрып-соғып, қолдарын бұрап, қыстың суығында сырт киімсіз аулада ұстаған.

Осы факті бойынша Ақсу қаласының прокуратурасы ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта барлық кінәлі адамдар анықталды», делінген хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар