
Фото: Видеодан алынған кадр
Ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылған:
- Қарағанды облысында «Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Шідерті» автожолының 970-1135 шақырым аралығы (Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).
- Павлодар облысында «Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Шідерті» автожолының 1135-1206 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).
Аталған жолдарды 2025 жылғы 14 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.