
Фото: Видеодан алынған кадр
Өңірлік төтенше жағдайлар департаменті жолда тұрып қалған 6 адамды қар құрсауынан алып шықты.
«Тойото маркалы көлік Шиқылдақ және Бозшакөл ауылдарының арасындағы жолда қарға батып тұрып қалған. Хабарлама келіп түсісімен біздің мамандар жіберілді. Олар көлікті қар құрсауынан алып шығып, 6 жолаушыны құтқарды. Азаматтар Шідерті кентінің жылыту пунктіне эвакуацияланды. Медициналық көмек қажет болмады», деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Павлодар облысының төтенше жағдай департаменті тұрғындарға ауа-райының нашарлауына байланысты сапарлардан бас тартуды ұсынады. Облыстың бірқатар өңірлерінде қатты жел мен боран соғып тұр.
Павлодар облысы