
Фото:Ашық дереккөз
Атырау облыстық экология департаментінің басшысы Асқар Жүсіповтің айтуынша, экологиялық заңнаманы бұзатындар қатарында Атырау мұнай өңдеу зауыты, «Теңізшевройл», NCOC, «Қожан», «Каспий Нефть» секілді компаниялар бар.
«Мұнайлы өңірде ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар аз емес. Мұндай кәсіпорындардың жұмысы қоршаған орта тазалығына кері әсер етеді. Осыған байланысты экологиялық заңнаманың сақталуын қатаң бақылауда ұстаймыз. Былтыр жүргізілген тексерулердің нәтижесінде бірқатар кәсіпорынның қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерінің алдын алу үшін әкімшілік шаралар қолданылды. Экологиялық заңнаманы бұзған кәсіпорындарға қатысты 200-ден астам әкімшілік іс қозғалды. Жалпы сомасы 42 млрд теңгенің айыппұлы салынды. Айыппұлдың 26 млрд теңге мемлекет пайдасына өндірілді», деп хабарлады Асқар Жүсіпов.