
Ол өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерге сәйкес қызметкерлердің айлық табысын есептеу барысында үнемделген жолмен артылып қалған ақшаны жымқырып келген. Осылайша ол 24 700 000 теңге қаражатты бас пайдасына жұмсап, мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірген.
Тергеп-тексеру барысында кінәсін мойындаған сотталушы сот үкімімен ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2)-тармағымен кінәлі деп танылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушыға ҚК-нің 74-бабының 1-бөлігі қолданылып, он төрт жасқа толмаған баласы бар әйел ретінде жазасын орындау кейінге қалдырылып, пробациялық бақылау белгіленді.