19 Маусым, 2015

Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының ҮНДЕУІ

438 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
19-06-2015-Kazakhstan 2050Құрметті қазақстандықтар! Біз, Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының мүшелері, азамат­тық қоғамның барлық топтарының мүддесін білдіре отыра, жетекші сая­си күштердің және үкіметтік емес ұйымдардың ашық үнқатысуын қамтамасыз етеміз. Коалиция жақында өткен пре­зиденттік сайлау науқанында Ел­басы ұсынған халықтық бес реформаны талқылауға аса үл­кен белсенділікпен атсалысты. Біз жаңғыртуға және институ­цио­нал­дық реформаларды жүргізуге ба­ғыт­талған Елбасы бағдарына деген орасан қолдаудың куәсі болдық. Сайлау қорытындысы реформалар жүргізуге тікелей мандат берген халқымыздың тұтастығы мен азаматтық бірлігін күллі әлемге паш етті. Қазақстан әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, дамудың өзіндік бірегей стратегиясын әзірледі. Аталған реформалар ең алдымен қарапайым қазақстандықтардың әл-ауқаты мен өмір сапасын арттыруға бағытталған. Сондықтан да, реформалар шетелдік саясаткерлер мен сарапшылардың жоғары бағасына ие болып отыр. Халыққа қызмет ететін кәсіби мемлекеттік аппарат, ашық әрі есеп беретін мемлекет, әділ сот пен қызметі айқын құқықтық органдар, индустрияландыру және әлеуметтік-экономикалық өсім, халықтың бірлігі мен тұтастығы – осынау реформалардың әрқай­сы­сында елімізді ең дамыған мем­лекеттердің 30-дығына  қосудың және Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асырудың институционалдық негізін қалау көзделген. «Реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары жарияланды. Президенттің тапсырмасымен құрылған Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия үлкен жұмыстар атқаруда. Мемлекет басшысы атап айт­қандай, «реформалар Қазақстан­ның әрбір азаматының тікелей қаты­суын талап етеді. Оңайға түспей­ді, қарсылықтар да болады. Алай­да, реформалар – тек мемле­кеттік машинаның ғана емес, ха­лықтың ісі. Реформалардың мәні – ұлтты жаңғыртуда. Ұлттың сапасы, халық рухының күші, уақыт сын-қатерлерін қабылдай білу және тек қана алға басу бұрын да мемлекет табысының айқындаушы факторы болған және бола береді». Бүгін біз, коалиция мүшелері, жетекші саяси партиялар және ірі үкіметтік емес бірлестіктер Үкімет пен Парламент өкілдерінің және сарапшылардың қатысуымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын талқылай келе, оны жүзеге асыру бойынша нақты ұсыныстар мен кеңестер бердік. Тәуелсіздік жылдары халқымыз Елбасының басқаруымен қайта құ­рылымдау мен жеңістерге толы үлкен кезеңнен өтті. Қазақ­стандықтар болашаққа деген нық сеніммен біртұтас ұлт ретін­де нығайып, әлемге жаңа Қазақ­стан­ды әйгілей отырып, табысты мемлекет құрды. Ауқымы орасан осы рефор­маларға кіріскен дәл қазіргі сәтте де біз алдағы мақсаттарға қол жет­кі­зетінімізге – қуатты әрі бәсе­кеге қабілетті Қазақстанды құра­ты­ны­мызға нық сенімдіміз. Әрбір қазақстандықтың ел алдындағы азаматтық борышын түйсініп, баршаға ортақ өсіп-өркендеу жолында барын салатынына кәміл сенеміз. Коалиция барша азаматтарды, барлық қоғамдық күштерді Елбасының халықтық бес реформасын және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға жан-жақты атсалысуға шақырады. Барлығымыз күш біріктіргенде ғана келер ұрпақтың болашағы үшін баршаға арналған осы заманғы мемлекетті құрып, Қазақстанды өсіп-өркендеген әрі қуатты елге айналдыра аламыз! «Нұр Отан» партиясы, Қазақстанның Коммунистік халық партиясы, «Бірлік» партиясы, Қазақстанның Патриоттар партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстанның «Ауыл» әлеуметтік-демократиялық партиясы, Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстанның азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі, Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясы, «Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі, «Болашақ» қауымдастығы, Қазақстанның кәсіпкерлер форумы, Мүгедектердің «ДОС» тәуелсіз өмір орталығы» қоғамдық бірлестігі, «ҚР Қарулы Күштер ардагерлері» қоғамдық бірлестігі, «ҚР Қарулы Күштер ардагерлері» Ауғанстан соғысы ардагерлері ұйымдарының қауымдастығы, Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығы, «Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Жасыл» экономика мен G-GLOBAL-ды дамыту үшін коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігі, Ұлттық ғылым академиясы, Қазақстан Жазушылар одағы, Кәсіпкер әйелдер одағы, «Республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы. 2015 жылғы 18 маусым, Астана қаласы.