Әскер • 14 Ақпан, 2025

Биыл 42 мың қазақстандық әскерге шақырылады

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күні кеше мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz

Биыл 42 мың қазақстандық әскерге шақырылады

фото: gov.kz

Жарлық «Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы ер азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Ішкі істер министрлігіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақыруға» қаулы етеді.

2025 жылы әскерге шақыру жасындағы 42000-нан астам азамат шақырылуға жатады.

«Әскерге шақырылушыларды хабардар ету шақыру қағаздары мен SMS-хабарламалар арқылы жүзеге асырылатын болады. Хабарламаны алғаннан кейін олар медициналық комиссиядан өту үшін тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына баруға міндетті. Ол азаматтардың мерзімді қызметке жарамдылық деңгейін анықтайды», делінген қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада. 

Айта кетейік, әскери қызмет өткерудің барлық кезеңінде сарбаздар тамақпен, заттай мүлікпен, жеке гигиена құралдарымен және ай сайынғы ақшалай үлеспен қамтамасыз етіледі. Оларға медициналық қызметтер көрсетіледі және пошта жөнелтілімдері үшін өтемақы төленеді.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15