Қоғам • 14 Ақпан, 2025

Елімізде «Көктем-2025» республикалық оқу-жаттығуы басталды

63 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуды екі кезеңде өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде «Көктем-2025» республикалық оқу-жаттығуы басталды

Фото: gov.kz

Бірінші кезең 6-7 ақпанда еліміздің батысы мен оңтүстігінде су тасқынын жою жұмыстарын тәжірибелік пысықтау арқылы өтті.

«Қорғаныш бөгендерін нығайту, су өткізу құрылыстарын, каналдар мен арықтарды тазарту, инертті материалдарды алдын ала дайындау бойынша іс-шаралар пысықталды, сондай-ақ халықты құлақтандыру, зардап шеккендерді эвакуациялау және орналастыру механизмі тексерілді», делінген ТЖМ таратқан хабарламада.

Наурыз айында қалған өңірлерде іс-шаралар жаттығуының екінші кезеңі жоспарланған.

Сонымен қатар оқу-жаттығу аясында су тасқынын жою бойынша іс-қимыл алгоритмі пысықталды.