Қысқы спорт • 17 Ақпан, 2025

СҚО-да қысқы спорт түрлерінен жарыс басталды

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстіктің Ақжар ауданында қысқы спорт ойындарынан «Солтүстік-2025» ойындары өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

СҚО-да қысқы спорт түрлерінен жарыс басталды

Соның ішінде кеше мұз алаңында спорттық снарядты нысанаға қарай жылжытатын қарсыластардың әрқайсысы 4 адамдық командадан тұратын кёрлинг ойынынан жарыс басталды. Бұл жолы оған өңірдің 13 ауданынан келген 52 спортшы қатысты.

Соңғы жылдары облыста осы спорт түрінің дамуы қарқын алуда. Оған әсіресе жастардың қызығушылығы күшті. Осы уақытқа дейін Солтүстіктің кёрлингшілері еліміздің аймақтық жарыстарына қатысып, жүлделі орындар алып жүр.

Ал ертең конькимен жүгірушілердің жарысы басталады.