
фото: Ақтөбе облысының баспасөз қызметі
Зардап шеккендердің арасында екі бала бар (3 жасар ұл және 14 жастағы қыз). Олар санитарлық авиациямен Ақтөбе қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Ұл балада дене жарақаттары, жабық бас сүйек-ми жарақаты, бас миының ауыр контузиясы анықталды. Қыз жабық бас-ми жарақатын алған, миы шайқалған, омыртқасы сынған.
Барлығы бес адам ауруханаға жатқызылды. Мұғалжар аудандық ауруханасында үш ересек адам орналастырылды.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 38 және 42 жастағы екі әйел мен 40 жастағы ер адам ми жарақатын алған.
Ақтөбе облысының полиция департаментінің хабарлауынша, 16 ақпанда Ақтөбе-Астрахань тас жолының 89-шақырымында Шұбарқұдық бағытында Ақтөбе бағытымен Қандыағаш маңында келе жатқан ВАЗ-2115 жүргізушісі қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кетіп DAF жүк көлігімен соқтығысқан.
ВАЗ-2115 көлігіндегі зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.