
Фото: olympic.kz
Әлем біріншілігінде медальдар жекелей сында, ерлер мен әйелдер арасындағы жұптық жарысында, сондай-ақ аралас жұптар сайысында сарапқа салынады.
Жекелей сында ел намысын Кирилл Герасименко қорғайды. Осы санатта 128 теннисші бақ сынайды. Оның 32-сі әлемдік рейтингте көш басында тұрған спортшылар.
Ал жұптық сайыста Сарвиноз Миркадирова мен Зауреш Акашеваның жолына үмітпен қараймыз. Отандастарымыз өнер көрсететін сайыс санатында 64 жұп тіркелген.
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, іріктеуден өткен кейбір спортшылар әлем чемпионатына қатысудан бас тартса, өзге ойыншылар да бұл жарысқа қатысуы мүмкін.