Оқиға • 17 Ақпан, 2025

Астанадан Павлодарға жолға шыққан бір отбасы жоғалып кетті

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 ақпанда Астанадан Павлодарға бағыт алған 71 жастағы Бейбіткүл Мұхамеджанова мен оның екі баласы хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы «Павлодар қаласы бойынша іздеу салу» еріктілер ұйымы хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Астанадан Павлодарға жолға шыққан бір отбасы жоғалып кетті

фото: vseobovsem_pvl

Еріктілердің мәліметінше, Бейбіткүл Мұхамеджанованың ұлы Бауыржан Смағұлов 44 жаста, ал, қызы Әлия Мұхамеджанова 39 жаста. Үшеуі 10 ақпан күні Астанадан Павлодарға қарай бет алған, бірақ діттеген жеріне жеткен-жетпегені белгісіз.

«Олардың қайда екенін ешкім білмейді, байланысқа шықпаған», деп жазады еріктілер.

Айта кетейік, Бейбіткүл Мұхамеджанова қара ұзын тон, қара шалбар, қара етік киіп жүрген. Қолында қою жасыл сөмкесі бар. Бауыржан Смағұлов қара күрте мен қара джинсы шалбар, қара тымақ және қара етік киген. Әлия Мұхамеджанова да тізеге жететін қара тон, қара шалбар, ақ тымақ пен қара түсті етік киген.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03