
Қайғылы оқиғаға байланысты облыс әкімі Дастан Рыспеков қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
«Шахтада орын алған жағдай бәрімізді қатты есеңгіретіп тастады. Бірнеше отбасы үшін орны толмас ауыр оқиға болды.
Қаза болған кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Сіздердің қайғыларыңыз бәрімізге ортақ.
Осындай қиын сәтте жақындарынан айырылған отбасыларға қолдау көрсету үшін барлық қажетті шаралар қабылданады», делінген көңіл айту жеделхатында.