Көрме • 18 Ақпан, 2025

Қара жердің қадірі

1615 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға түсіп, бел­гілі қылқалам шебері Жұмақын Қайрамбаевтың шеберханасынан­ білімін шың­­дап шыққан Оралбек Қабөке – танымал кескіндемеші. Тың тақы­рып­тағы туындыларынан ертерек танылған талант көптеген респуб­ли­ка­лық және ха­лық­аралық көрмелерге қатыса жүріп, өзінің де жеке көр­ме­ле­рін өткізіп, бұл күн­де заманауи бейнелеу өнеріндегі белсенді әрі белгілі сурет­­шілердің бірі­не айналды.

Қара жердің қадірі

Ә.Қастеев музейінде ұйымдас­тырылған «Qara jer» атты жеке көрме О.Қабөке шығармашылығынан кең орын алатын жады мен өткенді қайта қарау­дың ерекше алаңы іспетті. Көр­менің идея­сы оның жеке есте­ліктерінен бас­тау алғанымен, шалқар шабыт оны тар мен­шіктің шеңберінен алып шығып, кең ау­қымды тарихи және әлеуметтік мәсе­ле­лерді толғауға тура бағыттаған. Қыл­қалам шебері өзінің жұмыстары арқылы ес­те­ліктердің қалай сақталатынын, оны қайта қараудың күрделілігін, ұрпақтан-ұр­паққа қалай берілетінін баяндайды.

«Көрмедегі көңіл аударатын маңызды туынды «Әкемнің бейнесі» деп аталады. Сағыныш пен мұңға толы бұл шығарма экспозицияның кеңістігінен ауқымды орын алады. Яғни портрет құрбандыққа арналған қойдың басы бейнесімен, топырақ үйінділерінен құралған қабір инсталляциясымен және автордың перформансымен жалғасын табады. Осы ке­зеңде жазылған шығармалар өткір қара жиекпен көмкерілгенімен ерекше. Сурет­ші шығармашылық жолында реализм, натурализм, кубизм, сюрреализм, символизм, метамодернизм сынды түрлі бағыттарды өзінше зерттеп, біршама ізденістер жасайды. Нәтижесінде, оның монументалды кенептерінде сары, қызыл, сұр, көк түстердің аясында орналасқан, денелердің пішінін сындыра өтетін қара жиектер легі пайда болған. Ол кенеп үстінде философиялық көзқарасы мен азаматтық ұстанымын жасыр­май жайы­п салады. «Ақ» атты ақ-қара және сары реңктердің үйлесі­мін­де жазылған туындысында адамның жарық дүниеге келгенінен бастап бақиға дейінгі кезеңдерін жалпылай қарастырады» дейді суретші шығармашылығының қыр-сырымен таныстырған көрме жетекшісі, өнертанушы Сандуғаш Мырзабекова.

Оралбек «Аян» атты кескіндемесін графикалық мәнерде жазып, композиция мазмұнын сұрғылт-көгілдір рең­дер­мен ашады. Бұл – автордың түсінде көр­ген бұлыңғыр оқиғасының үзіндісі. Буал­дыр сағым ішіндегі оқиғаны екі адам­ның күрделі ракурсымен шешеді. Сурет­ші өзіне келген жайсыз аяндардан кейін, шынайы өмірде басынан кешкен қатерлі жағдайларды іштей есіне сақтап қалған сәттегі сезімін баяндайды. Ал «Тар бөлме» атты композициясында суре­т­ші өзіне тән техниканы қолданады – кенеп­тің жазықтығын тар бөлменің кеңіс­тігіне айналдырып, бір отбасының мү­ше­лерін өрнектеп жайғастырады. 

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Абай облысында тазалық акциясы басталды

«Таза Қазақстан» • 05 Сәуір, 2025

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

Жұмысшы мамандықтар жылы • 05 Сәуір, 2025

1650 адам қала тазартуға қатысты

«Таза Қазақстан» • 05 Сәуір, 2025

«Жеміс»

Мың бір мысал • 05 Сәуір, 2025

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • 05 Сәуір, 2025

«Мода дегеніміз...»

Сатира • 05 Сәуір, 2025

Тікелей әуе рейсі ашылады

Саясат • 05 Сәуір, 2025

Отбасына тиімді карта

Қоғам • 05 Сәуір, 2025

Көлікті сақтандыру қымбатқа түседі

Заң мен Тәртіп • 05 Сәуір, 2025

Жеңіс тарихы ұмытылмайды

Өшпес даңқ • 05 Сәуір, 2025

Торғайды түлететін төте жол

Экономика • 05 Сәуір, 2025