Спорт • 18 Ақпан, 2025

Мергендер Азия Кубогінде тағы 3 жүлде еншіледі

1574 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұған дейін нысана көздеуден 14 медальмен (5 алтын, 6 күміс, 3 қола) жалпы есеп бойынша көш бастаған Қазақстан қоржыны тағы 3 медальмен (2 алтын, 1 қола) толықты, деп жазады Egemen.kz

Мергендер Азия Кубогінде тағы 3 жүлде еншіледі

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Аталған 3 жүлдеге қол жеткізген ұлттық құрама спортшыларын айта кетсек, командалық сайыста Константин Малиновский, Юрий Юрков, Никита Шахторин бірінші орын алды. Ал винтовкамен 50 метрден жатып нысана көздеуде Токио Олимпиадасына қатысқан тәжірибелі Юрий Юрков 620.2 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Тағы бір отандасымыз Никита Шахторин қолаға ие болды (616.7 балл).

23 елден 320-дан астам спортшы қатысқан Азия Кубогі Бангкокта (Таиланд) өтіп жатыр, 22 ақпанда аяқталады.