Медицина • 18 Ақпан, 2025

Онкологтар 40-тан асқан ерлерді жүйелі тексеруден өтуге шақырды

45 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін онколог мамандар Алматы қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәжілісінде жасы қырықтан асқан ер адамдарды жүйелі түрде тексеруден өтіп тұруға үндеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Онкологтар 40-тан асқан ерлерді жүйелі тексеруден өтуге шақырды

Алматы онкологиялық орталығының онколог-урологы Айкерім Омарова онкологиялық кеселдердің көпшілігі асимптоматикалық түрде дамитындықтан, асқынған кезде ғана анықталатынын айтады.

«Қуық асты безінің қатерлі ісігін дер кезінде анықтау үшін жыл сайын қуық асты безінің спецификалық антигеніне тест тапсыру қажет. Оның жоғарылауы ісік процесінің басталуын көрсетуі мүмкін. Ерте диагноз сәтті емдеу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады», дейді маман.

Несеп-жыныс жолдарының қатерлі ісігіне бейім, қауіпті тобына 50 жастан асқан, созылмалы қабыну процестері (пиелонефрит, простатит, цистит), жаман әдеттер, семіздік, тұқым қуалайтын кеселдер, улы заттардың әсер ету жағдайында жұмыс істейтіндер кіреді.

Мәселен, 2024 жылы Алматыда 5209 қатерлі ісік ауруы тіркелді. Оның ішінде 518 жағдай несеп-жыныс жолдары обыры екендігі анықталған. Атап айтқанда,  218 – қуық асты безі обыры, 189 – бүйрек жасушалы ісігі, 111 – қуық ісігі.

«Алдын алу және дер кезінде медициналық тексеруден өту – денсаулықты сақтаудың кепілі. Егер сізде зәр шығаруда қиындық болса, зәріңізден қан көрініп, беліңіз ауырса, дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз», дейді мамандар.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50