Оқиға • 18 Ақпан, 2025

Ұшақта төбелескен әйелдерге 54 млн теңге айыппұл салынады

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан азаматшалары Түркия бағытындағы ұшақта жанжалдасып, төбелес шығарған. Жағдай қатты ушыққаннан кейін экипаж командирі ұшақты қондыруға мәжбүр болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұшақта төбелескен әйелдерге 54 млн теңге айыппұл салынады

Фото:Ашық дереккөз

Pegasus Airlines әуе компаниясының Астана-Анталья бағытындағы рейсі шұғыл түрде Түркияның Эрзурум қаласындағы әуежайға қонған. Жанжалға қатысы бар 4 адам ұшақтан түсіріліп, медициналық тексеруден өткен. Кейіннен тараптар қалалық полиция бөлімшесіне жеткізіліп, бір-біріне шағым түсірген. 

«Clash Report мәліметі бойынша, оқиғаға байланысты жоспарланбаған қону мен қайта жанармай құю үшін әйел кісілерге 120 мың доллар (54 миллион теңге) айыппұл салынады», делінген хабарламада.