
Фото: aqmola_pd
Жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға қарамастан, Ақмола облысы жолдарында жол-көлік оқиғалары жалғасып жатыр. Мысалы, 15 ақпанда Көкшетау қаласы полициясына «Звоночек» аялдамасы жанында жаяу жүргіншіні соғып кеткені туралы хабарлама келген. Hyundai Accent көлігін басқарған 49 жастағы әйелдің бағдаршамның рұқсат етілген белгісі жанып тұрған кезде жолдан өтіп бара жатқан 18 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталған.
Аталған облыстың полиция департаментінің мәліметінше зардап шеккен студент ауруханаға сынықпен жеткізілген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне байланысты, ертеңнен бастап Ақмола облысында «Қауіпсіз жол» республикалық акциясы басталады.