Оларды ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның қолдауымен ұстаған.
Бұған Ұлттық ұланының арнайы мақсаттағы «Бүркіт» бөлімшелері және пилотсыз авиациялық жүйелердің есептері де атсалысты.
- Терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды. Олардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді, - делінген Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарламасында.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.