
Оның айтуынша, қылмыстық іс 100-ден астам томды қамтиды.
«Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс қазір тергеліп жатыр. Іс жүзінде аяқталу сатысында тұрмыз. Жақын арада, яғни наурыз айының басында біз істің аяқталғанын жариялаймыз, кейін іспен танысу кезеңіне көшеміз. Танысу қанша уақытқа созылатынын нақты айта алмаймын, себебі бұл қылмыстық процестің қатысушыларына байланысты. Заттай дәлелдемелерді есептемегенде 100 томнан астам қылмыстық іс материалдары бар, сондықтан бәрі қоғамдық процеске байланысты болады», деді Елемесов.
Оның айтуынша, Перизат Қайрат әлі қамауда.