Аймақтар • 19 Ақпан, 2025

Ертіс-Баян өңірінде жол апаты 57 пайызға артқан

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысы полиция департаментінің дерегіне сүйенсек, облыстағы жол-көлік апаттарының саны 57 пайызға өскен. Ал апат салдарынан қаза тапқандардың саны екі есеге жуық артып, зардап шеккендер 62 пайызға көбейген.

Ертіс-Баян өңірінде жол апаты 57 пайызға артқан

Фото: baribar.kz

Жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің жолдағы жеке тәртіпсіздігі ықпал еткен. Сондай-ақ қарсы бағытқа шығып кету, жылдамдықты шектен тыс асыру, жаяу жүргіншілерге жол бермеу факторлары көп кездесіп отыр.

«Талдау көрсеткендей, жол апаттарына себеп болатын жайттың бірі – автокөлікті жүргізу кезінде жүргізушілердің қалғып кетуі немесе ұзақ сапардан шаршауы. Жыл басынан бері облыс жолдарында 11 оқиға тіркелді. Салдарынан 5 адам қаза тауып, 19 адам жарақат алды. Патрульдік полиция ротасы облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының қызметкерлерімен бірлесіп бірлескен іс-шаралар өткізеді. Оның аясында біз көлік құралдарын, атап айтқанда, күндізгі және түнгі уақытта трассаларға шығатын транзиттік ауыр жүктерді тоқтатамыз. Мамандар жүргізушілердің денсаулық жағдайын, қан қысымын, шаршау деңгейін, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек жинағында медициналық препараттардың болуын тексереді. Қажет болса, оларға тынығатын орынға жетіп, демалуды ұсынамыз», деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Павлодар облысы