Қоғам • 19 Ақпан, 2025

Қазақстанда қанша автокөлік бар

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың 1 ақпанында Қазақстанда қанша автокөлік тіркелгенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда қанша автокөлік бар

1 ақпанда елде жалпы саны 5 755 499 көлік тіркелген. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,6%-ға көп. Оның ішінде 5 086 227 жеңіл автокөлік, 116 493 автобус, 570 779 жүк көлігі бар.

Өңірлерде тіркелген жеңіл автокөлік саны:

Алматыда - 611 097

Алматы облысында - 549 135,

Астанда - 390 346,

Қарағанды облысында - 324 197,

Түркістан облысында - 304 156.

Ал дипломатиялық нөмірмен тіркелген автокөлік саны – 39 807, жүк көлігі – 9 806, автобус – 2 178.

Сондай-ақ қай өңірде тіркелгені белгісіз 315 960 көлік анықталған.