Кеше Бас прокуратурада “Қазіргі кезеңдегі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес: проблемалар және оларды шешу жолдары, ұйымдасқан қылмысқа қарсы әрекет жасау жөніндегі шараларды жетілдіру” тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Конференция ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласында халықаралық ынтымақтастық мәселесінің айрықша өзектілігіне байланысты ұйымдастырылды.
Оның жұмысына Германия, Ұлыбритания, Ресей сарапшылары, құқықтанушы ғалымдар, Жоғарғы Соттың, Ішкі істер министрлігінің, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің, Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері қатысты.
Форум жұмысының ашылуында Бас Прокурордың бірінші орынбасары И.Меркель ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес елдің құқық қорғау органдарының аса маңызды міндеті болып табылатынын атап көрсетті. Қазіргі замандағы ұйымдасқан қылмыс трансұлттық сипатқа ие болғандықтан, оған қарсы күрес кең ауқымды халықаралық ынтымақтастық негізінде бірлескен күшпен жүргізілуі тиіс. Осыған орай, әртүрлі елдердің күш-қуатын біріктіріп, құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы саласын кеңейту жөнінде ұсыныс жасалды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.