Экспорт • 20 Ақпан, 2025

Қазақстан Түркияға ет экспорттайды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Түркияға ет жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Түркияға ет экспорттайды

Шенеунік өткен жылдың қорытындысына сәйкес Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымының көлемі шамамен 285 миллион долларды құрағанын хабарлады

«Экспорттың негізгі тауарлары – дәнді және бұршақты дақылдар. Түркия тарапынан негізгі импорт – көкөністер, жемістер, жаңғақтар және басқа да дақылдар», деді Ермек Кенжеханұлы .

Оның айтуынша, Қазақстан Түркияға ет экспорттауды жоспарлап отыр.

«Біз қазір ет пен ет өнімдерінің экспортын қамтамасыз ету шараларын жүргізіп жатырмыз. Осы мақсатта біз Түркияның ветеринарлық қызметімен тиісті жұмыс атқарамыз. Сондай-ақ, ет пен ет өнімдерін Түркияға экспорттауға ниетті кәсіпорындармен келісеміз»деді вице-министр.