
Фото: Видеодан алынған кадр
Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесінің (NTSB) мәліметінше, соқтығыс жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8:29-да болған. Олар шағын әуежайдың 12-жолағына жақындаған кезде соқтығысқан.
Соқтығыс салдарынан бір ұшақ құлап, өртеніп, үйінді металл мен күлге айналған. Екінші ұшақ жерге қона алған. Оған келген зақымның көлемі әлі анықталмаған.
Айта кетейік, әуежайдың үстінен қою қара түтін көтеріліп жатқанда, төтенше жағдайлар қызметі апат орнына жеткен.
АҚШ федералды авиация басқармасының (FAA) мәліметінше, әр ұшақта екі адам болған. Оқиға орнында екі адам көз жұмған, ал қалған екі жолаушының жағдайы әлі белгісіз.
Апат орнында NTSB және FAA өкілдері оқиғаның себептерін анықтап жатыр, ал сарапшылар соқтығысқанға дейінгі ұшқыштардың радиобайланыстарын талдау үстінде.