
Фото: Катонқарағай ауданының әкімдігі
Облыстық басқармалардан жіберілген 10 маман 25 желтоқсанда Өрел, Аршаты, Берел, Жамбыл, Қайыңды, Қызыл Жұлдыз, Аққайнар, Еңбек, Шыңғыстай, Жаңаүлгі, Қабырға ауылдарында, 26 желтоқсан күні Катонқарағай, Белқарағай, Өрнек,Топқайың, Барлық, Коробиха,Ақсу ауылдарында болып, тұрғындарымен кездесу өткізген.
Кездесу барысында ауданда жұмысты 8: 00-де бастау ұсынысының оң - теріс тұсы сараланып, тұрғындар пікірі тыңдалған.
Дауыс беру кезінде аудан халқының басым бөлігі жұмыс уақытын 8: 00-де бастауға келіскен.
«2024 жылдың 30 желтоқсандағы аудан әкімінің нөмірі 49-шы өкімімен 2025 жылдың 05 қаңтарынан бастап Катонқарағай ауданы әкімі аппаратының, ауылдық округтердің, дербес бөлімдердің қызметкерлеріне бес күндік жұмыс аптасы орнатылуымен, жұмыс уақыты 08.00.сағаттан бастап 17.30. сағатқа дейін, түскі үзіліс 12.00. сағаттан бастап 13.30. сағатқа дейін белгіленді», делінген хабарламада.
Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Г. Жаксылыкова өзгеріс аудандағы жұмыс өнімділігін арттырып, табиғи ортаға, жергілікті халықтың өмір салтына және экономикалық белсенділікке сай келетін пайдалы шешім болатына сенім білдірді.