Аймақтар • 21 Ақпан, 2025

Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылды

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау облысындағы энергетика және ирригация саласында судың басты реттеушісі Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне өтті, деп жазады Egemen.kz.

Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылды

Фото: ortcom.kz

Бұрын бұл нысан «Kazakhmys Distribution» ЖШС балансына берілген. 

1952 жылы салынған су қоймасының стратегиялық нысан екені ескеріліп, облыс прокуратурасы су ресурстары министрлігіне ұсыным хат жолдаған. 

Прокурорлық қадағалау актісін орындау мақсатында сыйға тарту шарты жасалып, объектіні беру актісіне қол қойылған.

Енді жауапты органдарға су қоймасын жаңғыртып оның гидротехникалық құрылыстарына көп факторлы зерттеу жұмыстарын жүргізу міндеті жүктеліп отыр.