Оқиға • 21 Ақпан, 2025

Астанада алаяқ әйел жоқ үйлерді жалға берген

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қолға түскен әйелдің осы сипаттағы 5 іске қатысы бар екені анықталған, деп жазады Egemen.kz.

Астанада алаяқ әйел жоқ үйлерді жалға берген

Фото: gov.kz

Астана қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті Krisha.kz сайтында үйлерді жалға беру туралы жалған хабарландыру жариялаған. Жәбірленушілермен хат алмасу кезінде Астана, Алматы қалаларында және «Бурабай» демалыс базасында үйлерді жалға беруге уәде еткен.

Күдікті қаржыны алдын ала алып отырған. Есепшотына қаржы түскенде телефонын сөндіріп, байланыссыз кеткен. 

Ұсталған әйел кінәсін мойындады. Қазір тергеу жүріп жатыр.