Оқиға • 21 Ақпан, 2025

Көліктен 14 қап киік еті табылған

3816 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz

Көліктен 14 қап киік еті табылған

Фото: Polisia.kz 

Аталған аймақ аумағында рейдтік шаралар 1 ақпанда басталған, ай соңында аяқталады. Полицейлер 20 күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың барлығы 163 дерегін анықтаған.

Сондай оқиғалардың бірі Қазалы ауданында болған. Полицейлер Volkswagen автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында 14 қапқа салынған киік етін тауып, тәркіледі.

«Тергеу басталып, сараптамалар тағайындалды. Күдіктіге қатысты сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасына санкция шығарды», делінген хабарламада.