Оқиға • 21 Ақпан, 2025

Ақтөбеде полиэтилен өнімдерін шығаратын цех өртенді

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласы Алматы ауданындағы полиэтилен өнімдерін шығаратын жеке цех отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтөбеде полиэтилен өнімдерін шығаратын цех өртенді

112 құтқару пультіне Ақтөбе қаласы Алматы ауданындағы қойманың өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Оқиға орнына жету барысында полиэтилен өнімдерін шығаратын жеке цехтың жанғаны анықталды. Өрт алаңы 40 ш.м. құрады», делінген ТЖМ хабарламасында. 

Құтқарушылардың үйлесімді іс әрекеттерінің арқасында өрт тез арада сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.